Алматы халықаралық әуежайында рейстер тағы да кешігіп жатыр

16 Наурыз 2024, 13:27
435
Бөлісу:
Алматы халықаралық әуежайында рейстер тағы да кешігіп жатыр

Алматы халықаралық әуежайының онлайн-таблосында көрсетілгендей, қазіргі уақытта 16 рейс кешіккен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін көлік министрлігі Алматы әуежайындағы рейстер кестесі 16 наурызда таңғы сағат 4-ке дейін толық қалпына келеді деп уәде берген болатын.

14-15 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты 50-ден астам рейс кешігіп, 7 рейс тоқтатылды.

Тоқтатылған рейстердің жолаушылары билеттерді қайта брондай алады немесе ақшасын қайтара алады.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы халықаралық әуежайындағы жолаушылардың кейбірі әлі де діттеген жеріне жете алмай жүр. Олар тасымалдаушы компаниялардың қызметіне наразы, айтуларынша түнеу орындары мен тамақтандыру қызметі өз деңгейінде ұйымдастырылмаған. Тіпті мардымды жауап ала алмай жүрміз дейді.

14 наурызда түстен кейін Алматыда болған күрделі метеожағдайлар салдарынан әуежайда қызметі тығырыққа тірелді. Рейстер екі сағатқа тоқтады.

Өзгелердің жаңалығы