19 сәуірде Алматыда дәстүрлі Almaty Half Marathon тоғызыншы рет өтеді. Биылғы жарысқа әлемнің 44 елінен 10 мыңнан астам адам қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Ауқымды спорттық іс-шараға байланысты 19 сәуір күні сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін қалада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Жолдардың жабылу кестесі:
- 00:00 – 11:00 – әл-Фараби даңғылы (Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейін), оңтүстік жағы ашық
- 06:45 – 09:45 – әл-Фараби даңғылы (Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін), оңтүстік жағы ашық
- 07:10 – 09:05 – Сейфуллин даңғылы (әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін), толық жабылады
- 07:20 – 09:15 – Абай даңғылы (Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейін), солтүстік жағы ашық
- 08:30 – 10:20 – Саин көшесі (әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін), батыс жағы ашық
- 08:50 – 11:15 – Абай даңғылы (Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін), солтүстік жағы ашық
Қала тұрғындары мен қонақтарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілетін өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі.