Алматы. Энергетика, құрылыс және ТҮКШ

29 Желтоқсан 2023, 16:49
728
Бөлісу:
Алматы. Энергетика, құрылыс және ТҮКШ

Еліміздің ең ірі қаласы Алматыда 2023 жылы негізгі салалардағы көрсеткіштер тұрақты өсім көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экономиканы дамытудың драйвері өңдеу өнеркәсібі болды. Алматылықтарды жұмыспен қамтуда шағын және орта бизнесті қолдау маңызды рөл атқарады, жыл қорытындысы бойынша оның қала экономикасына қосқан үлесі 60% деңгейінде болады деп күтілуде. Алматының биылғы даму қорытындылары туралы толығырақ ОКҚ ел өңірлерімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жоба шеңберінде дайындалған кезекті материалдан оқыңыздар.

Негізгі экономикалық көрсеткіштер

Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 13%-ға өсті. Өнеркәсіптің өсімі 16,8%. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі 17,7%-ға өсті.

Қала экономикасын әртараптандыруға Индустриялық аймақтар мен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА кәсіпорындары негізгі үлес қосуда. Осы жылдың 11 айында олар 889,9 миллиард теңгеге өнім шығарды.

81,8 мың жұмыс орны құрылды, оның 80%-ы тұрақты жұмыс орындары. Бұл ретте NEET санатындағы жастармен жұмыс халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешудің жеке бағыты болып табылады. Жыл басынан бері 42,6 мың жас, оның ішінде NEET санатындағы жастар жұмысқа орналастырылды. Оның 82%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

Сонымен қатар, осы жылы Алматыда инвестициялық белсенділік жоғары болып қалып отыр. 11 айда негізгі капиталға 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Жеке инвестициялардың өсуі 30%-ға дейін жеделдеді.

IT-секторды (7,3 есеге өсті), денсаулық сақтау (3,7 есеге өсті), өңдеуші өнеркәсіп (19,2% өсті) және туризм (2 есе) салаларын дамытуға басымдық беріліп, инвестициялар құрылымының сапалы өзгеруі байқалады.

Мегаполисте шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға ерекше назар аударылады.

Жыл басынан бері Алматыда іскерлік белсенділік жоғары болып қалуда. Бүгінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 17,7%-ға 344,4 мың бірлікке дейін артты. Нәтижесінде шаһар ел бойынша бірінші орында.

Осы жылы субсидиялауға, кепілдік беруге және несиелеуге бюджеттен 51,1 миллиард теңге, оның ішінде 11 миллиард теңге - жергілікті бюджеттен бағытталды. Бұл 1 705 ШОБ жобасын қолдауға мүмкіндік берді.

Экономиканың негізгі салаларындағы өсу мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюына да ықпал етеді. 2023 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 34,5% артып, 4,9 триллион теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджетке - 35,3%, жергілікті бюджетке – 32%.

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау

5 920 оқушыға арналған 21 мектеп және қосымша ғимараттар, оның ішінде 16 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 ірі мектепті жобалау басталды.

Биыл 1 қыркүйектен бастап алғаш рет 30 мектепте «Мектеп автобусы» жобасы іске қосылды. 8 мыңнан астам кішкентай алматылықтар мектепке жайлы автобуспен баратын болды. Келесі жылы жергілікті билік тағы 100 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

Қаланың денсаулық сақтау саласында да ауқымды өзгерістер орын алуда. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін Алматы мәслихатының комиссиясы мақұлдаған МСАК бірыңғай стандарты әзірленді. Жаңа стандарттар бойынша 2 МСАК орталығы және 1 жаңа емхана ашылды. 11 МСАК орталығын, 4 жаңа стационар салу мен 5 аурухана мен 5 жедел жәрдем қосалқы станциясын жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өлім-жітім 9%-ға, сырқаттанушылық - 10,8%-ға, нәрестелер өлім-жітімі 43%-ға төмендеді.

Алматылықтарды әлеуметтік қолдауға баса назар аударылады.

Осы жылдың 11 айында 321,4 мың мұқтаж адам әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етілді.

Өзекті мамандықтарды оқытудың 30 қысқа мерзімді курсы іске қосылды. Жыл басынан бері 10,8 мың адам оқытылды, оның 10,1 мыңы жұмысқа орналастырылды, 70-і тағылымдамадан өтуде.

Сонымен қатар, қалалық Мансап орталығы ашылды, жұмыс берушілер, оқу орындарының мансап орталықтары және Алматы қаласының Еңбек ұтқырлығы орталығы бір алаңда біріктірілген. Бұл іс-әрекеттерді үйлестіруге және жұмысқа орналасу мәселелерін тиімдірек шешуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «Jobfair365» жұмысқа орналастыру платформасы бар жастарға арналған Jasalmaty.kz ақпараттық порталы ашылды. Жыл соңына дейін 5 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылды, 20 өңірден 3 мың жұмыс беруші тіркелді. Іске қосылған сәттен бастап бұл платформаны 20 мың жас қолданды. 1,9 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Ал NEET санатындағы жастар арасында көшбасшыларды анықтау үшін «Youth Nomads» және «Dúisenbilik Sport» жаңа жобалары енгізілді. Жобалар шеңберінде спорттық, оның ішінде ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар өткізіледі.

Энергетика, құрылыс және ТҮКШ. Тұрғын үй

Алматылықтар жиі көтеретін мәселелердің қатарында су мен жарықтың үздіксіз берілуі де бар.

Су тапшылығын жою үшін қуаттылығы тәулігіне 32 мың текше метр болатын резервтік су беру схемасы құрылуда. Жобаны 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Негізгі су көздері Талғар жерасты сулары кен орындары болады. Сорғы станцияларының қуаттылығын 60%-ға арттырып, 6 жаңа ұңғыма бұрғыланады.

Сонымен бірге, электрмен жабдықтау желілері қайта жаңғыртылуда. 2023 жылы Алматының 6 ауданында жұмыс жүргізіліп, 540 мың тұтынушы қамтылды. Электрмен жабдықтаудың 6 жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуда. Ал қаланың Алмалы ауданында сапалы сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба қолға алынған. Оны іске асыру барысында өтінімдерді өңдеу уақыты 4 есеге (20-дан 5 тәулікке дейін) қысқарды. 12 магистральді көше мен 7 саябақта 3 мыңнан астам жарықшам, 18 шақырым кабель желісі алмастырылды. Нәтижесінде ауданда жарықтандырумен қамту деңгейі 53%-дан 75%-ға дейін ұлғайды.

Қала үшін тағы бір өзекті мәселе – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2 087,4 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 20 099 пәтер пайдалануға берілді. Бұл ретте коммуналдық тұрғын үй қоры 405 пәтерді құрап, кезекте тұрғандарға берілді.

Студенттік жатақханалар мәселесі де қала үшін маңызды болып табылады. Ағымдағы жылы шамамен 4 мың орындық 14 жаңа студенттік жатақхана пайдалануға берілді.

Құрылыс туралы айтқанда, қалада ғимараттардың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталған жөн.

Биыл қазан айында қалада 16,7 мың объектіні қамтыған ғимараттардың сейсмикалық аудиті басталды. 2023 жылы 3,5 мың объектіге аудит жүргізілсе, қалған 13,2 мың объектіні 2024 жылдың соңына дейін тексеру жоспарлануда. Жер сілкінісі туралы ерте ескертетін 28 сейсмикалық станцияны орнату толығымен аяқталды. ТЖ кезінде халықты қабылдайтын 545 қауіпсіз орын анықталды.

Сонымен бірге, жергілікті билік сейсмикалық қауіпсіздік мәселелерін заңнамалық деңгейде шешуді күшейту жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, күрделі қалалық объектілерді техникалық қамтамасыз ету және қабылдау үшін ғылыми-зерттеу институтын тартуды бекіту ұсынылып отыр. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға объектілердің сейсмикалық төзімділігіне қатысты қала құрылысын бақылау функциясын беру көзделуде. Бұл мәселелер қалалық мәслихатпен бірлесіп пысықталуда.

Көлік және логистика

Мегаполистің көлік логистикасын жақсарту үшін Бұқтырма - Құлжа трактісі көлік жолайрығы ашылды. Жергілікті билік келесі жылы Құлжа трактісін 6 жолақты етіп, кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ қаланың солтүстік, батыс және шығыс кіре берісінде ауыспалы торап салу жұмыстары басталады.

Алматыда қоғамдық көлікке басымдық бере отырып, тұрақты көлік жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл қаланың автобус паркі экологиялық таза 1 150 автобуспен жаңартылды. Соңғы 11 жылда алғаш рет 100 троллейбус сатып алынды. Ал 2024 жылы Райымбек даңғылының бойында ұзындығы 9 шақырым BRT салынып, пайдалануға беріледі.

Алматыда метро қарқынды дамып келеді. Биыл қосымша 3 жылжымалы құрам іске қосылды.

Алматыда метро қарқынды дамып келеді. Биыл 3 қосымша құрам жолға шықты.

Жалпы, 2023 жылы 70 көшеге 25 шақырым жаңа жол салынып, орта есеппен 200 километр жол жөнделді. Ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 15 магистральді көшеде полимер қоспалар пайдаланылған жаңа технологиялар қолданылды.

Еліміздегі ең ірі қаланың өмірі қызу қайнап жатыр. Барлық жобалар мен бастамалар Алматы тұрғындары мен қала қонақтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, шаһардың туристік әлеуетінің жоғары болуына байланысты сырттан келушілер саны 1,5 миллионнан асты. Мемлекет басшысының Алматы қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау бүгінгі өзекті және болашаққа жоспарланған мәселелерді шешуге ықпал етуде.

Өзгелердің жаңалығы