"Алматы-Екатеринбург" тасжолында апатқа ұшыраған 2 адам мерт болды

12 Маусым 2023, 16:28
452
Бөлісу:
"Алматы-Екатеринбург" тасжолында апатқа ұшыраған 2 адам мерт болды

Қайғылы оқиға бүгін сағат 10:50 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тасжолында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 маусым сағат 10:50 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тасжолында Теміртау қаласына қарай бағыт алып бара жатқан 57 жастағы Audi автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша маневр жасау кезінде жол қауіпсіздігіне назар аудармаған. Ол алдында келе жатқан ВАЗ-2114 автокөлігімен соқтығысып, кейінгісі сырғып барып жол жиегіндегі қоршауға соғылған. 

Салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен Audi-де болған 56 жастағы (жүргізушінің жұбайы) жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. 57 жастағы Audi жүргізушісі және оның 9 жастағы немересі, сондай-ақ ВАЗ-2114 автокөлігінің 23 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы