Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы Дженнифер Лопестің шоуына дайын

10 Тамыз 2025, 03:40
553
Бөлісу:
 instagram.com/jlo
Фото: instagram.com/jlo

Алматыда әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің көптен күткен концертіне дайындық қыза түсті. Бүгін, 10 тамызда өтетін шоу мегаполистің Орталық стадионында ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 220-дан астам техникалық маман тәулік бойы жұмыс істеп, көпдеңгейлі сахнаны құрастыру, жарық пен дыбыс жүйелерін орнату, фан-аймақтар мен VIP секторларын жабдықтау жұмыстарын аяқтап жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматы бір күнге әлемдік поп-музыканың орталығына айналып, көрермендер Джей Лоның әсерлі шоуын тамашалайды.

Бұған дейін Дженнифер Лопестің концерті Астанада өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы