Алматы дәрігерлері омыртқаның кеуде тұсындағы жарыққа микрохирургиялық ота жасады

6 Маусым 2022, 14:03
2371
Бөлісу:
Алматы дәрігерлері омыртқаның кеуде тұсындағы жарыққа микрохирургиялық ота жасады
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлері сирек кездесетін жарықты алып тастады. Ота ауруханадағы омыртқа хирургиясы бөлімшесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды. 

Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, пациент ұзақ уақыт бойы арқасы ауырғанын айтқан. Кейде тіпті, аяғы мен қолы ұйып, жүре алмай қалатын.

Бұл аурудың белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, іш құрылысы, жүректің тұсы ауыруы мүмкін. Адам ентігіп, тыныс алуы қиындайды, өт пен бауыр тұсы шаншып ауырады. Уақтылы емделмесе пациент жүре алмай сал болып қалуы да ықтимал, - дейді бөлімше меңгерушісі Бақыт Ағлақов.

Айтуынша, омыртқаның кеуде тұсындағы жарық өте сирек кездеседі және өте қауіпті ауру болып есептеледі. Сондықтан мұндай белгілер байқалған жағдайды бірден нейрохирург маманға қаралған жөн.

Алматы дәрігерлері омыртқаның кеуде тұсындағы жарыққа микрохирургиялық ота жасады

Көп жағдайда пациенттерге ота жасау туралы кеңес беріледі. Біз бұл пациентке де ота жасап жарықты алып тастадық. Операция сәтті өтті, науқас отадан кейін өздігімен жүріп-тұра бастады, кеуде тұсының ауырғаны басылды,  - дейді дәрігер.

Мамандар омыртқа арасындағы тіндердің сыртқа шығып, жарық пайда болуына жол бермеу үшін жиі әрі ұзақ серуендеуге кеңес береді. Жүзу, йога, гимнастикамен айналысу, жұмыс орнында тік, дұрыс отыру, таңертең және күні бойы жаттығу жасау арқылы бұл дерттің алдын алуға болады. Сонымен қатар, артық салмақ та омыртқада жарық пайда болуына әкеп соқтырады. Сол себепті зиянды, ащы және майлы тағамдардан бас тартып, жеміс-көкөністермен, пайдалы тамақтану қажет, дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы