Алматы дәрігерлеріне 1,2 млрд теңгенің үстемеақысы берілді

30 Сәуір 2020, 18:57
1192
Бөлісу:
Алматы дәрігерлеріне 1,2 млрд теңгенің үстемеақысы берілді
Президенттік қолдау

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы қызмет атқарып жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы тағайындау бойынша арнайы комиссия құрылған. Олардың қатарында қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров, "Nur Otan"  партиясының және медицина өкілдері бар.
Алматы медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу бойынша 1,2 млрд теңге бөлінген. Қазір наурыз айының үстемеақысы төленді. Бірінші санат бойынша 560 қызметкер алды, жалпы төлем көлемі 375 млн теңге. Екінші санат бойынша 2282 қызметкерге жалпы көлемі 722 млн теңге үстемеақы төленді. Үшінші санатта 916 қызметкер, жалпы төлем көлемі 167 млн теңге, - деді Бисенбаева. 
Сондай-ақ, ол медицина қызметкерлері тарапынан берілген өтінішті қарайтын қосымша комиссия жұмыс істеп жатқанын айтты. 
Әр өтініш жекелей қаралуда. Шешімдер заңға сай шығарылады. Сондай-ақ медициналық мекемеде жұмыс істейтіндердің барлығы маска, басқа да жеке бастың қауіпсіздігіне арналған құралдармен жабдықталған, - деді ол
Ал, Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусты анықтау бойынша осы уақытқа дейін 40 мыңнан аса тест жүргізіліп, зертханада талдау жасалғанын айтты.
Қазір күніне 2 мыңдай тест жүргізілуде, бұл көрсеткішті 2,5-3 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Сынамалардың нәтижесі бір күн ішінде дайын болады. Осы аралықта 11 мыңдай медицина қызметкерінен тест алынды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің коронавирусты жұқтырып алмауына бағытталған ережелер мен талаптар да күшейтіліп отыр. Әсіресе демалу мен жұмыс орындарын үздіксіз залалсыздандырып отыру қажет, одан бөлек жеке қауіпсіздік мәселелерін түсіндіріп отырамыз, - деді Бекшин.
Өзгелердің жаңалығы