Алматы-Бішкек учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды

21 Маусым 2021, 12:37
2277
Бөлісу:
Алматы-Бішкек учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы-Бішкек автожолының «Алтын орда» базарының учаскесінде жолдың жүру бөлігіне асфальт төсеу және бас магистральдық эстакаданың бетонын құю жұмыстары басталды, деп хабарлады «Қазавтожол» ҰҚ баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, жарықтандыру құрылғылары бойынша жұмыстар аяқталып, негізгі автожолда қозғалыс ашылды. Бұдан басқа, темір-бетон плиталарын металл конструкцияларына монтаждау, құрылыс қалыптарын монтаждау жүріп жатыр.

Шілде айының басында асфальтбетон төсемін орнату және абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін «Таға» түріндегі эстакада арқылы қозғалысты ашу жоспарлануда. Қазіргі уақытта учаскіде 100 адам және 15 бірлік арнайы техника жұмысқа жұмылдырылған. Екі ауысымдық жұмыс ұйымдастырылған, - делінген хабарламада.
Нысанның аяқталуы 2021 жылдың қазан айына жоспарланған. Құрылыс ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың ерекше бақылауында.
Өзгелердің жаңалығы