Алматы білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

31 Желтоқсан 2019, 11:19
3393
Бөлісу:
Алматы білім басқармасына жаңа  басшы тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың үкімімен Ләззат Жылқыбаева білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. 

Ләззат Жылқыбаева жұмыс өтілін 1996 жылы №1 Алматы қазақ педагогикалық колледжінде мұғалім болудан бастаған.
Әр жылдары мұғалім, колледж директорының орынбасары және Алматы білім басқармасында бөлім басшысы болып қызмет атқарған. Бүгінгі күнге дейін Алматы білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келген.
Өзгелердің жаңалығы