Алматы-Батуми бағытында жаңа рейс ашылады

14 Сәуір 2021, 12:48
1882
Бөлісу:
Алматы-Батуми бағытында жаңа рейс ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық тасымалдаушы 15 мамырдан бастап аптасына 3 рет - дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Алматыдан Батумиге тұрақты рейстер орындайды. 

Air Astana баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейстер Airbus A320 лайнерлерімен жүзеге асырылады. 

Дүйсенбі мен сәрсенбіде KC 169 рейсі Алматыдан сағат 12:00-де ұшып, Батуми қаласына 14:30-да келеді. КС 170 кері рейсі Батумиден 15:30-да ұшып, Алматыға 21:35-те келеді. 

Сенбіде Алматыдан рейс 09:30-да ұшып, Батумиге 12:00-де келеді. Кері рейс Батуми қаласынан 13:00-де ұшып, Алматыға 19:05-те келеді. 

Алматы-Батуми рейсінің ұзақтығы - 4 сағат 30 минут, ал Батуми-Алматы рейсінің ұзақтығы - 4 сағат 5 минут. 

Айтуынша, барлық салықты қоса алғанда, барып қайту билеттерінің бағасы эконом-класта 131 000 теңгеден, бизнес-класта 285 035 теңгеден басталады.

Грузияға сапар жоспарлаған жолаушылар материал алынған сәттен бастап 72 сағат ішінде жарамды теріс нәтижесі бар ПТР сертификатын ұсынуға міндетті. 

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын (екі доза) алған жолаушылар Грузияға ПТР тестсіз кіре алады. 

Қазақстанға шетелден келетін жолаушыларда, Қазақстан азаматтарын қоса алғанда, коронавирустың жоғын растайтын жарамды ПТР анықтамасы болуы керек. Анықтама жарамды болып саналуы үшін, ол нәтиже берілген күннен бастап Қазақстанның шекарасын өтуге дейінгі 3 күн ішінде берілуі қажет.

Өзгелердің жаңалығы