Алматы автопаркіне газбен жүретін 500 жаңа автобуспен толықты

29 Желтоқсан 2023, 19:42
498
Бөлісу:
Алматы автопаркіне газбен жүретін 500 жаңа автобуспен толықты
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы коммуналдық автопаркіне қала әкімінің тапсырмасымен газбен жүретін автобустардың саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаз мезгілінде 100 жаңа автобус қолданысқа берілді. 500 жаңа автобус рәсімделіп, дайындалды. Дайын болған кезде олар жолаушылар ең көп жүретін маршруттарға шығады. Мысалы, 2024 жылдың қаңтарында №63, №28, №14, №92, №120, №120А, №79, №50 және т.б. маршруттарды күшейту жоспарланған.

Бұған қоса, троллейбус паркіне 100 троллейбус сатып алынды, қазір олар жолаушылар тасымалын шыққан. Әрі жеке тасымалдаушылар тұрақты негізде жаңа жылжымалы бірліктерді сатып алуда, биыл 550 автобусқа арналған жылжымалы құрам жаңартылды. Осылайша, 2023 жылдың соңына қарай қоғамдық көліктің экологиялық отын түріндегі үлесі 53%-ға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жыл басынан бері 22 жаңа бағыт ұйымдастырылып, 205 автобус тартылып, 364 автобус есебінен 24 маршруттағы жылжымалы құрам жаңартылды. Бұл ретте, орта есеппен тәулігіне жолаушылар ағыны 1,2 млн-нан 1,5 млн жолаушыға дейін өсті.

Өзгелердің жаңалығы