Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қала тұрғыны автобустарда жастар қарт адамдарға, екіқабат әйелдерге орын бермейтін айтып, дыбыстық хабарландыру енгізу ұсынды.
Ерболат Досаев мұндай хабаландырулар автобустарға жазда қосылатынын айтты.
Осы бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр және осы жылдың 1 шілдесінен бастап қоғамдық көлікке енгізуді жоспарлап отырмыз. Дыбыстық хабарлау жүйесі аялдамалардың атауын хабарлап, қарттар мен жүкті әйелдерге, балалары бар жолаушыларға орын беруге, сондай-ақ бір-біріне құрмет көрсетуге шақыратын болады, - деді әкім.