Алматы, BAQ.KZ. 12 тамыз күні мониторинг топтары қоғамдық көліктегі карантиндік режимді сақтау бойынша көшпелі іс-шаралар ұйымдастырды. Бір тәулік ішінде 91 автобус тексерілді.
Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде маска режимін сақтамаған 27 жеке тұлғаға ҚР ӘқбК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын өздерінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң ұстануға шақырады. Барлық қала тұрғынына нұсқаулар берілді: маска режимін сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн.
Қалалықтарға берілетін нұсқаулар:
- жеке тұлғамен байланыстан аулақ болу, құшақтасып, қол алыспау;
- қолды жиі жуу, үйден тыс жерде бір реттік салфетканы қолдану;
- жөтелгенде, түшкіргенде беторамалды қолдану, шынтақты иіп түшкіру;
- үйден шығарда медициналық маска тағу. Үйге оралғанда масканы, қолғапты еппен шешіп, пакетке салып, урнаға тастау. Содан кейін қолды жуу немесе дезинфекциялау.
Тұрғындар қоғамдық көліктегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаулары тиіс, ол үшін:
- қоғамдық көлікте жүргенде қолды дезинфекциялау;
- соңғы аялдамаға жеткен соң қолды бірден сабындап жуу;
- егер біреу жөтелсе немесе түшкірсе ауыз бен мұрнынды таза беторамалмен немесе салфеткамен жабу. Олар болмаса бетті алақанмен емес, шынтақтың ішкі жағымен қорғау;
- жөтелген немесе түшкірген адамнан аулақ болу. Көлік жолаушыларға толы болса, онда келесісін күту;
- қоғамдық көлікте жолаушылармен сөйлеспеу. Мүмкіндігінше олардан тиісті (жолаушы толы көлікке кірмеу, келесі көлікті күту) қашықтықта болу;
- мүмкін болса көлік терезелерін ашу;
- баратын жерге жеткенше қолды бетке (ауызға, мұрынға, көзге) тигізбеу.