Алматы ауруханаларында коронавируспен 2 мыңнан астам адам жатыр

27 Қыркүйек 2021, 12:34
8728
Бөлісу:
Алматы ауруханаларында коронавируспен 2 мыңнан астам адам жатыр

Алматы, BAQ.KZ. 26 қыркүйек күні қалада 485 адамнан коронавирус анықталды, оның 432-де ауру белгілері бар, ал 53-де симптомсыз.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте ауруханадан 72 адам емделіп шыққан, ал келіп түскендер саны – 121.

Инфекциялық стационарларда 2 098 адам ем алып жатыр, оның 82-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 202 науқас жатыр. ӨЖЖ – 39, инвазивті емес ӨЖЖ – 82, High flow-да 55 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 4 864 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 4 702, симптомсыз 162.

Сонымен қатар 26 қыркүйекте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 1 025, 2-компонентін 1 847 адам салдырған.

Қала бойынша вакцинаның 1-компонентін 943 456, 2-компонентін 842 064 адам салдырыпты.

Өзгелердің жаңалығы