Алматы әуежайында санэпид бақылау күшейтілді

4 Мамыр 2021, 12:42
1839
Бөлісу:
Алматы әуежайында санэпид бақылау күшейтілді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифингте айтты.

Қаланың халықаралық әуежайында санэпид бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.04.2021 ж. № 13 қаулысына сәйкес ҚР-ға ұшып келу кезінде ПТР нәтижелерінің болуы міндетті. Мәселен, анықтаманың жоқтығынан 31 шетел азаматы депортацияланды,-деді Қалықова.

Оның айтуынша, қалада тәулігіне 15670 сараптама жасайтын 26 ПТР зертхана жұмыс істеп жатыр, келешекте олардың қуаттылығы тәулігіне 26 992 сараптамаға дейін ұлғаюы мүмкін.Сондай-ақ, тәулігіне 3 248 сараптамалық өткізу қуаты бар 14 ИФТ зертхана жұмыс істейді.

Алматыда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Айта кетерлігі, қалалықтарды COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау қарқынды жүруде. 4 мамырдағы жағдай бойынша екпені 226 258 адам алды, оның ішінде 4 878 полиция қызметкері, 18 210 педагог, 24 391 дәрігер. Егілгендердің жалпы санын 60 жастан асқан 30 256 адамды құрайды,-дейді эпидемиолог.

Сонымен қатар ол халықты коронавируске қарсы екпе алуға шақырды.

Алматылықтарың екпе алғандары жөн, бұл ағзаны коронавирустық инфекцияның ауыр ағымынан қорғауға, сондай-ақ мегаполисте ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОО-да 211 егу пункті жұмыс істейді. Оған 1809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы жұмылдырылған,-деді ол.



Өзгелердің жаңалығы