Алматы әуежайында әлем чемпионатының қатысушыларын қарсы алды

Бүгiн, 08:12
114
Бөлісу:
Алматы әуежайында әлем чемпионатының қатысушыларын қарсы алды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы әуежайында өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатының қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері әуежайда әлем чемпионатына Латвия Республикасы, Словакия Республикасы, Ресей Федерациясы, Чехия Республикасынан қатысушыларды салтанатты түрде қарсы алды.

Сондай-ақ Сауд Арабиясы Корольдігінің өкілдері бақылаушылар ретінде келіп, ал Болгария Республикасының командасы 14 тамызда келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 15-18 тамыз аралығында жасөспірімдер мен жастар, жасөспірім қыздар мен бойжеткен қыздар арасында 2024 жылғы өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты өтеді.

Өзгелердің жаңалығы