Алматы аспанында ерекше құбылыс көрінді

10 Сәуір 2024, 13:48
9503
Бөлісу:
Алматы аспанында ерекше құбылыс көрінді

Қала тұрғындары табиғи құбылыс саналатын галоны, яғни қазақша айтқанда күннің қоралану құбылысын тамашалады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ерекше құбылысты тұрғындар әлеуметтік желілерде жарыса жариялады. 

Күннің айналасында дөңгелек пішін пайда болды. Алматының ауа-райы құбылмалы. Бұлт баспаса бұданда әсем көрінер еді. Табиғаттың ерекеше құблысына күә болғаныма қуаныштымын, – дейді қала тұрғын.

Күннің қоралануы - Күннің айналасында пайда болатын, пішіні алқаға (не дискке) ұқсайтын айқын көрінетін жарық жолағы болып, ол жарықтың бұлттағы мұз кристалдарынан сынуы және шағылуы нәтижесінде пайда болатын атмосфералық-оптикалық құбылыс. Ол көбінесе сақина пішінді, доға, жарық діңгегі, нұрлы дақ секілді пішіндерде болып, күнді, не айды қоршап тұрады. Ол қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін секілді 7 түрлі түстің қабаттасуы болып көрінуі мүмкін.

Алматы аспанында ерекше құбылыс көрінді

Еске сала кетейік, 2016 жылы күннің қоралану құбылысын астаналық тұрғындар байқаған. 
 

Өзгелердің жаңалығы