Алматы ардагерлері Жеңістің 77 жылдығына орай жәрдемақы алды

7 Мамыр 2022, 14:49
1782
Бөлісу:
Алматы ардагерлері Жеңістің 77 жылдығына орай жәрдемақы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланың барлық ардагерлері Жеңістің 77 жылдығына орай жәрдемақы алды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 1592 тұрғын және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының 2870 ардагері 100 мың теңгеден бірреттік төлем алды. 

9370 тыл еңбеккері, 455 ҰОС ардагерлерінің жесірлері 50 мың теңгеден алды. Жеңіс күніне орай төлем Алматы қаласының әкімдігі бекіткен тізімдер бойынша жүргізілді.

Биыл қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ардагерлерге төленетін төлемдер екі есеге – 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінде Алматыда 75 ардагер тұрып жатыр. 

Барлығы 14 362 адам төлем алды. 
 

Өзгелердің жаңалығы