Алматы апорты брендке айналады

17 Қазан 2023, 07:45
494
Бөлісу:
Алматы апорты брендке айналады
Фото: baq.kz

Алматы апорты халықаралық брендке айналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз конференцияда мәлімдеді. Оның айтуынша, «Қазпатент» ұйымына алматылық апортты географиялық көрсеткіш ретінде тіркеу туралы өтініш түскен. Енді оны елдің атынан тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы жарты жылда бұл жоспар іске асады. Еске сала кетейік, Қазақстанда «апорт» бақтарының ауданы 2 мың гектарды құрайды. Көшеттердің саны – 416 мың дана. 9 мыңға жуық шаруашылық Алматы апортын өндіріп отыр.

Бізге олар өзінің арызын жіберген тіркеу бойынша және алматылық апорт географиялық көрсеткіш ретінде бекіту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Негізінде 4 айдан кем емес уақытта тіркелу керек, - деді ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев.

Өзгелердің жаңалығы