Биыл Алмалы ауданында 26 көше жөнделеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Былтыр жалпы ұзындығы 15 км болатын 18 көше орташа жөндеуден өтті, 1,3 км тротуар желісі салынды және 8 мекенжайда тротуарлар ретке келтірілді. Бұл туралы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты
⠀
2023 жылы жалпы ұзындығы 16,6 км болатын 26 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
⠀
Әуезов көшесі Райымбек даңғылына дейін ұзартылды, сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша 3 көшеге бір бағыттағы қозғалыс енгізілді.
Оқи отырыңыз: