Алматы әкімі Юрий Шумковтың жақындарына көңіл айтты

5 Сәуір 2022, 16:22
1397
Бөлісу:
Алматы әкімі Юрий Шумковтың жақындарына көңіл айтты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаев гастроэнтеролог дәрігер Юрий Шумковтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл – отбасы және еліміздің бүкіл медицина қауымдастығы үшін нағыз қасірет.

Біз отбасылық дәстүрлерді жалғастырған және ғұмырының 20 жылдан астам уақытын қоғамға қызмет етуге арнаған, адамның өмірін құтқару үшін бар күші мен білімін жұмсаған білікті дәрігерден айырылдық. Жарқын бейнесі жадымызда сақталады!,-деді қала әкімі.

Айта кетсек, қаладағы медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін гастроэнтеролог- дәрігер Юрий Шумковты кеше таңертең  атып кеткен. Артынша  аңшылық мылтықтан оқ атқан 47 жастағы ер адам ұсталғаны белгілі болды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
 

Өзгелердің жаңалығы