Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тіршілігін қалыпқа келтіру штабымен жиын өткізді.
Жиынның ашылуында әкім қала тұрғындарына сабырлық пен батылдық танытып, тәртіп орнатуға ықпал еткені үшін алғыс білдірді.
Уақытылы қолданылған шаралардың арқасында содырдардың күштері талқандалды. Қазір қала тіршілігін қалпына келтіру бойынша қалалық штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қала ақырындап бұрынғы қалпына оралып жатыр. Барлық ауданда аумақты тазарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы күндері қаланың тіршілігі үшін қамтамасыз ету қызметтері үздіксіз жұмыс істеді. Тұрғындарға су, жылу және газ беру штатты режимде жұмыс істеп тұр, - деді Сағынтаев.
Әкім сондай-ақ қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету қалпына келтіріліп жатқанын жеткізді.