Алматыға Армениядан 500 автокөлік әкелінген

18 Тамыз 2020, 23:18
1108
Бөлісу:
Алматыға Армениядан 500 автокөлік әкелінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр Қазақстан Республикасының азаматтары Алматы қаласының аумағына Армениядан 501 автокөлік әкелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

– 2020 жылға дейін – 89 автокөлік тіркелген;

– оң рульді автокөліктер – 125;

– 2020 жылдың 1 маусымынан бастап – 233 автокөлік тіркелген.

2020 жылғы 14 тамызда 165 автокөлікті құрады.

Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарының иелерін хабардар ету бойынша тиімді жұмыс жүргізу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жадынама жасалды, оларды аталған санаттағы автокөліктің иелері арасында полиция бөлімшелерінің қызметкерлері таратады. ПД Колл-орталығының қызметкерлері Армения Республикасынан әкелінген автокөлік құралдарын тіркеу шарттары туралы хабардар ету үшін көлік иелеріне қосымша қоңыраулар жасайды. Естеріңізге сала кетейік, бұл науқан осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады. Мемлекеттік баж салығы 11 946 теңгені құрайды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Көлік құралдарын тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің және мемлекеттік баждың 0,25% мөлшерінде мемлекеттік тіркеу алымының төленгенін растайтын құжаттар;

3) Армения Республикасының уәкілетті органы шығарған көлік құралдарына арналған СРТС және МТНБ;

4) көлік құралдарын тіркеуге ұсынылған, мемлекеттік немесе орыс тілдерінен басқа тілде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған және аударманың дұрыстығы туралы нотариус немесе мұндай әрекеттерді жасауға құқылы басқа тұлға куәландыратын қолдары болуы керек.

5) арнайы белгілерге келесі жазбалар енгізіледі: “ТСРА” және “Басқа адамға тіркеуге жатпайды”;

6) Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралы үшін СРТС және (немесе) МТНБ жоғалған жағдайда, олардың жоғалу жағдайлары жазбаша түрде көрсетіледі.

7) МТНБ жоғалған жағдайда, төлнұсқасын беру бірыңғай ақпараттық жүйеге өзгеріс енгізбестен оларды жасау арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған көлік құралдарын Қазақстан Республикасына 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелген, сондай-ақ, Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген адамдарға тіркеуге жол берілмейді.

Өзгелердің жаңалығы