Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі онлайн Үкімет отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы пандемиямен күрес шараларын баяндады.
Жедел жәрдем бағытының жаңа моделі жасалды. Негізгі клиникалық-диагностикалық бағыттар бойынша штаттан тыс мамандардың институты құрылды. Жалпы қалалық зертхана желісі орталықтандырылды. Алғашқы медициналық жәрдем бөлімшелері коронавиурспен күресуге бейімделді. Амбулаториялық деңгейде мобильді бригадалар қызмет етеді. Қауіп тобына жатқызылған науқастармен мониторинг орталықтарының жетекші мамандары қаладағы барлық реанимацияларды бақылау үшін жедел әрекет ететін реанимациялық топ құрылды. Инфекциялық стационарларды эшелондау және науқастарды іріктейтеу жүйесі енгізілді. Дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аурухана ішінде ауру жұқтырудың алдын алу шараларын бақылау күшейтілді, - дейді Сағынтаев.
Алматыда қазір КВИ мен күреске 27 медицина ұйымы тартылған, жалпы төсек-орын 6 690 орынды құрайды.
Қала тұрғындарының популяциялық иммунитетін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Иммундық перменттік талдау жасайтын екі жеке зертхана жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін олар 7 мың зерттеу жүргізді. Қосымша тағы үш мемлекеттік зертхана ашу жұмыстары жүргізілуде, - дейді әкім.
Сонымен қатар, ол медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, қорғану құралдарын және де басқа коронавируске қарсы қажеттілік үшін жергілікті бюджеттен 68,5 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.
10 қыркүйекке дейін 8 базалық стационар орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етіледі. 1 айдың ішінде жергілікті және республикалық бюджет, сонымен қатар демеушілік көмек есебінен қалаға 308 өкпені тыныстандыру аппараты және 2 022 оттегі консентраты әкелінеді. Одан бөлек 55 жедел жәрдем көлігі келеді. Барлығының қаржысы төленген. Қазақстан даму банкі арқылы тағы 35 жедел жәрдем көлігін жеткізу мәселесі пысықталып жатыр, - деді Бақытжан Сағынтаев.