Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда санитарлық талаптарды сақтамағаны және карантин кезінде көп адаммен көпшілік шара өткізгені үшін "Достлук" кафесінің қызметі тоқтатылды.
27 маусымында санитарлық талаптардың сақталуын бақылау бойынша мобильді топ сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін нысандарды аралап шықты. Тексеру барысында санитарлық нормаларды елемейтін нысандар анықталды. Атап айтқанда, "Достлук" кафесі. Кафе аумағында өрескел тәртіп бұзушылықтар анықталды. Көп адам жиналған іс-шара өткізілген. 100 адамды қонаққа шақырып, үйлену тойы өткізген. Мекеменің иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, іс-шара сол мезетте тоқтатылды - делінген мониторинг топтың хабарламасында.
Эпидемиологтар іс-шараның қонақтарымен қашықтықты сақтау және үй ішінде көп жиналудың алдын алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. COVID-19 - бұл ауа тамшыларымен берілетін жұқпалы вирус. Жабық ғимарат және адамдардың көптеп жиналуы вирустың таралуына қолайлы жағдай жасайды.
Анықталған бұзушылықтарға байланысты кафенің жұмысы тоқтатылды. Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау Департаментінің мамандары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады, іс сотқа жіберілді.
Еске салсақ, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша мониторинг топтары кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық талаптарды сақтауын бақылау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде.
22-27 маусым аралығында мониторинг тобы 479 ШОК субъектілерін тексерді. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын бұзуған дүкендер, асханалар, авто бөлшектер дүкені, вулканизациялар бар.
Сондай-ақ тәртіп бұзғандар қатарында мейрамхана кешендері, кафелер кірді.
Аталған объектілерде келесі тәртіп бұзушылықтар анықталды:
- әлеуметтік қашықтық белгілерінің болмауы;
- байланыссыз термометрияны сақтамау;
- жеке қорғану құралдарын тиісінше пайдаланбау және кәдеге жарату;
- есепке алу журналының болмауы;
- санитайзерлердің болмауы;
- павильондарға кіре берісте дезинфекциялау кілемшелерінің болмауы;
- пайдаланылған маскалар мен қолғаптар үшін қоқыс жәшігінің болмауы;
- азық-түлік дүкендерінде өнімдерде қорғау пленкаларының болмауы.
Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің өрескел бұзушылықтарының анықталуына байланысты түрлі мекенжайлар бойынша үш лагманхана, компьютерлік клубы, "Ахчия" ТЖС, шиномонтаж, көлік жуу орындары, балмұздақ дүңгіршектері, самса, донер екі дүңгіршектері, азық-түлік дүкендері, құйылмалы сусындар дүкендері, асханалар, мейрамханалар, сұлулық салондары мен шаштараздар бар.
Жалпы, Алматы қаласында 5395 нысан тексерілді. Оның ішінде 591 объектіде Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысындағы талаптарының бұзылуы анықталды. Осыған байланысты 571 нысанның қызметі ескертулер жойылғанға дейін тоқтатылды.