"Алматы-3" вокзалы: Жақын маңдағы тұрғындардың көзқарасы қандай

6 Ақпан 2024, 12:20
2723
Бөлісу:
"Алматы-3" вокзалы: Жақын маңдағы тұрғындардың көзқарасы қандай
PHOTO
Фото: автордан

Алматы қаласында бой көтеретін үшінші теміржол вокзалының болашағы мен экономикаға тигізетін әсері жайлы мамандар мен қала тұрғындарының пікірін сұрастырдық, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Экономист Айбар Олжайдың айтуынша, "Алматы-3" вокзалы қала экономикасына серпін беріп, жаңа инвестицияларды тартуға көмектеседі.

Үшінші теміржол Алматыны логистикалық хабқа айналдыруға мүмкіндік береді. Теміржолдың транспорттық бағыты ұштасып кетуін қарау керек. Теміржол жаңадан дамып келе жатқан Алатау ауданында салынады. Осы ауданда индустриалды аймақ барын білесіздер. Сол зауыттардың өнімдері бірден теміржол арқылы шетелге экспорт жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ел ішіндегі басқа қалаларға жөнелтіледі. Кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік ашылады. Сол себептен бұл біздің экономикамызға әсер етеді. Теміржол БАКАД бойында салынса, Алматы-Бішкек, Алматы- Қорғас, Алматы-Астана, Алматы-Өскемен сынды трассаларға жақын, шығып кетуге мүмкіндік болады. Бұл индустриалды аймақтың инвестициясын арттырады. Зауыттан шыққан тауарларды тез арада логистикалық экспортқа жіберуге мүмкіндік ашылады. Әрине, экономикаға серпін береді, жаңа инвестицияларды тартуға көмектесу мүмкін, - дейді Айбар Олжай. 

"Алматы-3" вокзалы: Жақын маңдағы тұрғындардың көзқарасы қандай
"Алматы-3" вокзалы: Жақын маңдағы тұрғындардың көзқарасы қандай

Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді, соның есебінен қалалық автожол инфрақұрылымының көлік жүктемесі азаймақ.

"Алматы-3" вокзалы: Жақын маңдағы тұрғындардың көзқарасы қандай
"Алматы-3" вокзалы: Жақын маңдағы тұрғындардың көзқарасы қандай

Жаңа объектіге жақын маңда тұратын азаматтар жаңадан бой көтеретін теміржол вокзалына оң көзқараста екендерін айтады.

Қаламызда осындай құрылыс бой көтеріп, экономиканы дамытуға серпін беретін болса, қуанамыз. Қалаға дейін жүретін болса, тіпті жақсы болар еді. Көлік кептелісі жойылып, қаланың сыртында тұратындарға жұмысқа баруға жеңіл болатын еді. Өздеріңіз білетіндей, бұл маңайда индустриалды аймақ бар, теміржол салынса, жұмыс орны көбейері сөзсіз. Болашақта қаламыз дамып, барлығы қамтылған мекенге айналса деген тілегіміз бар,- дейді Дидар есімді қала тұрғыны.

"Алматы-3" вокзалы: Жақын маңдағы тұрғындардың көзқарасы қандай
"Алматы-3" вокзалы: Жақын маңдағы тұрғындардың көзқарасы қандай

Алматы қалалық мобильді басқармасы үшінші теміржол вокзалының құрылысына кеңінен тоқталды. Басқарма мәліметінше, жаңа объектінің құрылысы Алматы қаласының көлік қаңқасының мастер-жоспарында бекітілген.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының көлік қаңқасының мастер-жоспары әзірленді, онда қаланың көп орталықты даму моделіне көшу кезеңділігі ескерілді. Көлік қаңқасы 5 жаңа полиорталықты қоғамдық көлік желісімен және Алматы агломерациясымен біріктіреді. Ыңғайлы және функционалды жол-көлік кешені «адамдарға арналған қала» қағидатын іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді. Көлік қаңқасының негізінде жедел қоғамдық көліктің дамуы жатыр: BRT, LRT және метро, бұл тұрғын аудандардың 3\4 қамтуға мүмкіндік береді. Қаланың қалған бөліктеріне тасымалдаушы маршруттар іске қосылады, бұл тұрғындарға 10-15 минут ішінде жақын маңдағы жедел көлік аялдамасына жетуге мүмкіндік береді.

"Алматы-3" вокзалы: Жақын маңдағы тұрғындардың көзқарасы қандай
"Алматы-3" вокзалы: Жақын маңдағы тұрғындардың көзқарасы қандай
"Алматы-3" вокзалы: Жақын маңдағы тұрғындардың көзқарасы қандай

Бас жоспарда Алматы қаласы әкімдігі мен "ҚТЖ" АҚ бірлескен шешімі негізінде қаланың солтүстік-батысында Алматы-3 қосымша теміржол вокзалын салу көзделген. "Алматы-3" вокзалына қаламыздың батыс бөлігінен жолаушылар келеді деп күтілуде. Вокзал құрылысы жүк және жолаушылар ағындарын кемітіп, оларды "Алматы-1" теміржол вокзалы мен "Алматы-3" жаңа теміржол вокзалы арасында қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда Баум тоғайы арқылы екінші жол салу қажет болмайды, – деп хабарлайды Алматы қалалық мобильді басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Алматы қалалық мобильді басқармасының мәліметінше, "Алматы-3" вокзалы қаланың индустриялы аймағынан төменірек, Боралдай ауылы мен қала шекарасында, Мәдениет ықшам ауданында салынады.

Мәдиниет шағын ауданында Боралдай кентімен қала шекарасына жақын жерде жер бөлу жоспарлануда. Жаңа вокзалдың қала аумағынан көліктік қолжетімділігі Саин көшесін солтүстік бағытта тесіп өтумен қамтамасыз етіледі. Индустриялық аймақтан төмен, Бұрындай трассасының бойында. 2024 жылы "Алматы-3" теміржол вокзалы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жоспарлануда. Жаңа вокзал аймағында жаңа қоғамдық кеңістік құру көзделіп отыр, мұнда тұрғын үй массивтерін қалыптасып жатқан жаңа орталық пен вокзалмен байланыстыратын LRT желісін тарту көзделіп отыр, – дейді басқарманың баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы