Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Желіде қаңтар трагедиясына қатысты жаңа видеолар тарап жатыр. Соның ішінде мародер мен мейрамхана иесінің сөзі де жазылып қалған.
Видеода 3-4 жігіттің мейрамхана ішінде жүргені және оған мейрамхана қожайыны келіп, мейрамханадан шығуларын сұрайды.
Телефонға түсіріп жүрген адам «Жігіттер, біз қазақпыз ғой. Бұл жерден шығайық, мынау біздің мейрамхана, мен басшыларының бірі боламын» дейді. Оған бейтаныс жігіт «олай болса мұндағы алкогольді алып кетейін, өйткені біз онсыз да алдық» дейді. Мейрамхана иесі онымен келісіп, бұл жерден тезірек шығуларын өтінеді.
Видодағы мародер кейін Алматы трагедиясы кезінде әскери көлікті басып алғаны үшін ұсталған. Ол жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери КАМАЗ-ды басып алған Павлодар облысының тұрғыны болып шықты. Оны қаңтардың 10 күні полицейлер ұстаған.
Ол 27 жастағы Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Айыпталушының тонауға да қатысы бар екені анықталды. Алатау ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні «Өжет» ықшам ауданында ұстады. Одан қару-жарақ дүкенін тонау нәтижесінде ұрланған 30 патроны бар тегіс ұңғылы «Сайга» мылтығы тәркіленді,-деді ПД-ті.
Айта кетсек, Алматы трагедиясы кезінде қалаға 112 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.