Әлия Рақышева Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды

6 Мамыр 2020, 16:41
1912
Бөлісу:
Әлия Рақышева Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың өкімімен Әлия Рақышева Сенат Аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Әлия Ғалымжанқызы Рақышева 1980 жылы дүниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында басшылық лауазымдарда болды. 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 

Ал, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Өзгелердің жаңалығы