Әлімханұлы Канело - Сондерс жекпе-жегіне болжам жасады

9 Мамыр 2021, 07:17
1212
Бөлісу:
Әлімханұлы Канело - Сондерс жекпе-жегіне болжам жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) мексикалық Сауль Альварес пен ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz

Жәнібек Твиттер-парақшасында алдағы кездесуде кім жеңетінін айтты. 

Канело ма, Сондерс пе? Канело жеңеді деп ойлаймын. Оған жеңіс тілеймін. Оны біреу-міреу жеңгенін қаламаймын. Оны құлататын жалғыз боксшы болғым келеді. Оны жақында істеймін, – деді Әлімханұлы.
Альварес пен Сондерс жекпе-жегі 9 мамырда таңертеңгісін америкалық Техас штаты, Арлингтондағы AT&T Stadium аренасында өтеді. Боксшылар WBC, WBO және WBA титулдарын сарапқа салады. 
Өзгелердің жаңалығы