Әлімхан Ермеков атындағы стипендия тағайындау ұсынылды

17 Сәуір 2021, 19:03
1667
Бөлісу:
Әлімхан Ермеков атындағы стипендия тағайындау ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы ғалымның 130 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алғашқы қазақ математигі Әлімхан Ермековтің есімімен Қарағанды техникалық университетінде аудитория аталды. 

Шара барысында студенттерге атаулы стипендия тағайындау ұсынылды, деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды техникалық университетінің қабырғасында атаулы күндерге орайластырылған іс-шаралар кешені өткізілді. Жоғары оқу орнының бірінші корпусында Әлімхан Ермековтің атаулы аудиториясы ашылды. Бұл ерекше маңызға ие оқиға. Себебі 1955 жылдан 1961 жылға дейін профессор бұрын Қарағанды политехникалық институты деп аталған осы ЖОО-ның Жоғары математика кафедрасында жұмыс істеді. Ұлы математиктің есімі №307 аудиторияға берілді.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Әлімхан Ермеков және қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы» тақырыбына арналды. Оған облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалымдары, ғылыми орталықтардың, мұрағаттар мен мұражайлардың өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.

Әлімхан Ермековтің өмірі өте күрделі болды. Көптеген серіктес-алашордалықтың қайғылы тағдырынан аман қалған. Ол он бес жылдан астам өмірін лагерьлерде саяси тұтқын ретінде өткізді. Сонымен қатар өмірінің соңына дейін ол өзінің мақсаттарына адал болған. Әлімхан Ермеков мұғалім, тәлімгер, ғалым, азамат және патриот ретінде белсенді, мазмұнды өмір сүрген. Біз көрнекті жерлесіміздің есімін және оның еліміздің қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесін мақтан ете аламыз, - деп атап өтті Абзал Нүкенов.

Конференцияның пленарлық отырысына Әлімхан Ермековтің немересі, экономика ғылымдарының кандидаты Олег Ермеков қатысты. Ол Ұлыбританиядағы MaryAdi Education білім беру компаниясының басшысы. Олег Ермеков өз сөзінде атасы туралы естеліктерімен бөлісті және оның жеке қасиеттері туралы баяндап берді.

Менің жолым болды. Балалық және жас кезімде мен Әлімхан Ермеков сияқты ерекше тұлғаның қасында болдым. Тек атам ғана емес, шынымен де керемет тәрбиеші және мұғалім болды. Менің туған атам ұлттық элитаға жататын, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы үшін көп жұмыс жасаған адам, қоғамдық саяси қайраткер және оқытушы Әлімхан Ермеков болғанын ұғыну менің бойымда әрқашан мақтаныш сезімін емес, жауапкершілікті тудыратын, - деді Олег Ермеков.

Өзгелердің жаңалығы