Оңды-солды тарату болмайды – министр алименттік қор туралы айтты

17 Қаңтар 2020, 13:45
2540
Бөлісу:
Оңды-солды тарату болмайды – министр алименттік қор туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанда алимент төлеуге арналған әлеуметтік қор туралы айтты.

Оның айтуынша, ақшаны тегін онды-солды тарату болмайды. Сонымен қатар, қор құрылып, барлық қарыздар жабылады деп ойламаңыздар, мүлдем олай емес деп отыр. 

Жалпы, көмек қорының екі үлгісі бар - несиелік және қайырымдылық. Несиелік модель: ақша қоры бар банкке ұқсас жұмыс істейтін қор.  Мысалы, адамда алимент төлеуге байланысты проблема туындауы мүмкін. Ол келіп, бұрын жұмыс істегенмін, қазір қысқартуға ұшырадым деп айтады. Үш айдан кейін тәлімдемеден өтемін. Сондай ұсыныс түсіп тұр. Одан соң жұмысқа шығамын. Сондықтан осы кезең аралығындағы уақытқа несие беріңіз, 100% қайтарамын деп айтады. Осындай алимент қоры  Финляндияда жұмыс істейді, - дейді Бекетаев.

Оның айтуынша, Қазақстанға екінші модель сәйкес келеді. Қазақстан екінші модельді, яғни қайырымдылық үлгісін таңдады. 

Ол жерде расымен қарайды. Ақшаны қайтарусыз береді, мүмкін, кейде қайтарады. Алайда іс жүзінде ешқашан олай болмайды. Соған қарамастан олар барлығына және әркез берілмейді. Ақша ауыр жағдайларда беріледі, мысалы күрделі ауруға шалдыққанда немесе тұрмыс жағдайы мүлдем болмаған кезде, - деп түсіндірді әділет министрі.

Оның айтуынша, қаражат беру туралы шешімді  құрамында беделді адамдары бар арнайы комиссия қабылдайды. Қазіргі кезде қор құру бойынша жұмыс басталған, бірақ механизмдері жетілдіріліп жатыр.

Төлемдерді шектеусіз істеуге болмайды. Мысалы,біреуге 100 мың теңге, ал екіншісіне 500 мың теңге керек. Сондықтан әрекет дұрыс болу керек. Мүмкін төлем қажеттілігіне байланысты немесе барлығына бірдей болғаны дұрыс шығар. Бұл мәселелерді палата мен комиссия шешеді,  - дейді Марат Бекетаев.


Өзгелердің жаңалығы