Алимент төлемегендер көлігінен айырылуы мүмкін

1 Наурыз 2024, 10:50
1446
Бөлісу:
Алимент төлемегендер көлігінен айырылуы мүмкін
Фото: Қызылорда облысының Әділет департаменті

Енді алимент төлеуден жалтарғандар, көліктерінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қызылордада жеке сот орындаушылар және Қызылорда қаласының Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп қала көшелеріне рейдке шықты. Мақсаты - алимент санатындағы атқару құжаттары бойынша берешегі қалыптасқан борышкерлердің автокөліктерін айып алаңына қамау жұмыстарын жүргізу. 

Аталған рейдтік шара облыс аумағында 1 ай бойы өткізілмек. Сондай-ақ борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстары да жұргізілуде.

Алимент төлемегендер көлігінен айырылуы мүмкін

Бүгінде Қызылорда облысы бойынша қордаланған алимент мөлшері 128 млн. теңгеден асып отыр. Жеке сот орындаушылары осындай әрекет жасаудан басқа амалдары қалмағанын айтады. Мәліметтерге сүйенсек, жалпы алимент санаты бойынша 12 137 атқару өндірісі бар. 

Оның ішінде 4 678 атқару өндірісі мерзімдік орындалуда, 6 090 атқару өндірісі бойынша борышкерлер ағымдағы алименттерді өз бетінше төлеп отыр. 3 айдан астам төлемеген 1045 борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына шектеу қойылды.

Алимент төлемегендер көлігінен айырылуы мүмкін

 

Өзгелердің жаңалығы