Алимент өндіріп алу бойынша тетіктер өзгере ме?

29 Желтоқсан 2021, 13:17
1489
Бөлісу:
Алимент өндіріп алу бойынша тетіктер өзгере ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты.

Алименттің көлеміне байланысты ешбір өзгеріс болмайды. Жеке сот орындаушыларының тиімді жұмыс істеуіне алимент төлеушілер қатарының артуы байланысты болып отыр. Бірақ борышкердің жұмысы мен мүлкі болмаса, бұл жеке сот орындаушының емес, борышкердің кінәсі, - деді Марат Бекетаев.

Министр айтқандай, борышкердің мүлкі мен жұмысы болмаған жағдайда мемлекет тарапынан әлеуметтік төлемдер ғана төленеді.

Бұл проблеманы шешу үшін жеке сот орындаушылардың палатасы мен әділет органдары борышкерлерге жұмыс табуға көмектесетін арнайы жәрмеңкелер ұйымдастырады. Бизнес пен әкімдіктің өкілдері оларға жұмыс ұсынады. Борышкерлерге жұмыс ұсынылады. Егер олар бұл ұсыныстан екі рет бас тартса, олар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы