Әлихан Смайылов «Росатом» басшысымен кездесті

21 Мамыр 2022, 17:33
1146
Бөлісу:
Әлихан Смайылов «Росатом» басшысымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанға жұмыс сапарымен келген «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастық, соның ішінде уран өндіру жобалары бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Осылайша, Ресей тарапының екі елдің энергия қауіпсіздігін нығайту мақсатында Қазақстанның уран өндіру саласына одан әрі инвестиция салуға мүдделі екені атап өтілді.

Сонымен қатар атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов пен Алексей Лихачев қолданыстағы жобаларды табысты жүзеге асыру үшін тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға және тиімді серіктестіктің жаңа бағыттарын талқылауға дайын екендіктерін растады.

 

Өзгелердің жаңалығы