Әлихан Смайылов 2025 жылы қай салада аудит жүргізетінін атады

Бөлісу:
Әлихан Смайылов 2025 жылы қай салада аудит жүргізетінін атады
Фото: BAQ.KZ

Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін кулуарда Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов 2025 жылы қай салада аудит жүргізетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, 2024 жылы Жоғары аудиторлық палата 23 аудит жүргізген. 185 объекті мен 10,3 трлн теңгеден астам сома қамтылды.

Келесі жылы да бірқатар маңызды аудиторлық тексерулер жоспарлап отырмыз. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігін тексереміз, — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына да аудит жүргізіледі. Жоғары жетістіктер спорты да қамтылады. 

Заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың тиімділігіне де аудит жүргіземіз. Бірнеше министрліктің жұмысы қамтылады, - деп айтты бас аудитор Мәжілісте.

Сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата республиканың 12 өңірі бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметіне бағалау жүргізбек. Жалпы 2025 жылға арналған тізбеде барлығы 41 аудиторлық іс-шара жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы