Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметін танып-білуге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

15 Наурыз 2021, 18:10
3207
Бөлісу:
Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметін танып-білуге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда тарихшылар, журналистер мен студенттердің қатысуымен «Әлихан Бөкейхан: Ұлы мұрат жолында» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. ZOOM платформасында онлайн форматта өткен конференция Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына арналды.

Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметін танып-білуге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конференция барысында қатысушылар Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның өмірі мен қызметін жан-жақты танып-білуге күш салды.

Бүгін Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан: Ұлы мұрат жолында» тақырыбында студенттер мен оқытушылар арасында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен конференцияның мақсаты қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, педагог, публицист, энциклопедист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі болған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның өмірі мен қоғамдағы жан-жақты рөлін, тәуелсіздік алуда туған елін ұлы мұрат жолында ұйымдастыра білген көшбасшы мұрасының қызметін ғылыми зерттеу арқылы танып білу. «Мәңгiлiк Ел» идеясының Алаш қозғалысының негізгі ұстанымымен тығыз үндесіп жатқанын жас ұрпаққа жеткізу, - дейді Қарағанды облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбахыт Жүнісова.

Конференция жұмысы екі секциялық бағыт бойынша жүргізілді. «Ә.Н.Бөкейхан  – ұлы мұрат жолындағы көшбасшы» атты бірінші секция жұмысында қоғам  қайраткері көзқарастарының өзектілігі, қоғамды жаңғыртудағы мәселелері мен «Мәңгiлiк Ел» идеясы ұстанымымен тарихи сабақтастығы туралы айтылды. Ал «Ә.Н.Бөкейхан және оның руханият мұрасы» атты екінші бағытта әдеби бағытта көркем-шығармашылыққа терең ой жіберген және өзінің ізденіс назарын қазақ сөз өнеріне аударған тұлғаның аудармашылық, әдебиеттанушылық, ағартушылық, педагог, публицист, энциклопедист жолы туралы сөз болды.

Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметін танып-білуге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Ғылыми-тәжірибелік конференцияғы барлығы 80 жұмыс пен өтінім келіп түсті, оның ішінде колледж оқытушылар тарапынан 25, колледж студенттерінен 30 жұмыс түсті, - дейді Гүлбахыт Серікжанқызы.

Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметін танып-білуге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конференция жұмысына тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Мұсабеков Ерсін Кәрібайұлы, Филология ғылымдарының докторы, профессор Смағұлов Жандос Қожахметұлы және оның жетекшілігімен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті, Акмолдина Төлеутай Қойкенқызының жетекшілігімен Ә.Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы қатысты.

Өзгелердің жаңалығы