Әлихан Бөкейхан – тарихты жасаушы

5 Наурыз 2021, 19:00
2653
Бөлісу:
Әлихан Бөкейхан – тарихты жасаушы
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы тарихшы, профессор Хангелді Әбжанов Алаш орда қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған жиында айтты.

Әлихан Бөкейханды тілші, әдебиетші, заңгер десеңде болады, өйткені бойында көп қасиеті бар. Дегенмен Ә. Бөкейханға анықтама беретін болсақ – ол тарихты жасаушы, түзуші дер едім. Оның ғылыми мұрасында керемет идеялар жатыр. Соның бірі қазақты қорғауға қатысты. Қазақты жалқау, анау-мынау дегенге ол жоқ дейді. Қазақты тек қозғау керек деген. Бөкейханов сол қозғау миссиясын атқарды. Ол ұлттық кодымызды да, тарихымызбен басқасын алға жылжытты,-дейді тарихшы. 

Жиын барысында қазақ тарихшылары 20-шы ғасырдың басында Алаш орда автономиясы жарияланды ма деген сауалға бірі иә десе, тағы бірі жоқ деп дауласып қалды.  Профессор Хангелді Әбжанов та осы мәселеге қатысты өз ұстанымын білдірді.

20-шы ғасырдың басында Алаш автономиясы ресми түрде жарияланбай қалды. Бірақ Алаш орда үкіметінің іс-әрекеті мемлкеттің атынан жүріп жатты. Келіссөз жүргізіп жатты, заңдарды қабылдап жатты. Мұстафа Шоқай тіптен, одан да әрі кетті. «Біз Тәуелсіздікті жариялап жіберуіміз керек еді, соны бекер жарияламадық» деді,-деді ол. 

Сонымен қатар ол Әлихан Бөкейханның есімін ұлықтауда әлі күнге дейін тиісті шара қолдана алмай отырғанымызды айтты.

Осы күнге дейін ұлт көсемінің атына бірде бір Жоғары оқу орынның немесе ғылыми-зерттеу институтының аты да берілмеді. Тіптен, дұрыс ескерткіш те қоймадық,-дейді Х. Әбжанов.
Өзгелердің жаңалығы