Әлібек Қуантыров Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысымен кездесті

15 Қыркүйек 2022, 19:21
690
Бөлісу:
Әлібек Қуантыров Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысымен кездесті

Тараптар Түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, өзара іс-қимылдың негізгі басымдықтарының бірі бес түркітілдес елдің алғашқы бірлескен қаржы институты – Түркі инвестициялық қорын құру болып табылады. 

Бұл бастаманы барлық Мемлекет басшылары Түркітілдес мемлекеттердің бейресми саммиті аясында қолдады. Кездесу барысында министр ҰЭМ серіктестерімен бірлесіп, Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Келісім жобасы халықаралық қаржы ұйымын құруды көздейді. Оның мақсаты ішкі өңірлік сауданы кеңейту және экономикалық қызметті қолдау арқылы ТМҰ-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың барлық аспектілері бойынша жұмысты жандандыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы