Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алғашқы жинаққа үй алу керек – Банк басшысы кеңес берді

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 13:20
286
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

“Ақ жол арулары” республикалық форумында "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы, экономика ғылымдарының кандидаты Ләззат Ибрагимова қаржы сауаты кезең-кезеңімен қалыптасатынын айтып, алғашқы активті үйге салуға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаржы сауаты жайында өте көп айтылады. Бірақ менің ойымша, бұл үдеріс эволюциялық түрде жүреді. Қазіргі кезде қаржы тұрғысынан сауатсыз, 50 пайызбен тұтынушылық несие алып жүрген адамның бірден жүйелі жинақтауға көшіп, бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеп, акция бағасының өсуінен табыс табуын елестету мүмкін емес, – деді Ләззат Ибрагимова.

Ол отбасында қалыптасатын алғашқы актив, алғашқы жинақ көбіне жеке тұрғын үй болатынын атады.

Үй – бұл балалардың болашағы, олардың жайлы дамуы мен білім алуы үшін тұрақты орта, – деді ол.

Бұған дейін депутат Дәулет Мұқаев баспана бағасына қатысты кеңес берген еді.

Өзгелердің жаңалығы