Алғашқы күндерден тәтті естелік қалдырған

7 Желтоқсан 2022, 10:40
3550
Бөлісу:
Алғашқы күндерден тәтті естелік қалдырған

Елордалық тұрғын жаңа туған нәрестелерді фотоға түсіріп, табыс тауып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде жаңа туған сәбидің алғашқы күндерінде әдемі естелік жасауды ата-ана әдетке айналдырған. Бұл еліміздегі отбасылық фототүсірілімнің жаңа түрі. Ке-келген фотограф ньюборн фото түсіре алмайды. Ол үшін арнайы мамандандырылған адам болу керексіз.

Әсем Темірболатова – Қарағанды қаласының тумасы. Негізгі мамандығы – экономист. Сондай-ақ Малайзияда экономика саласында магистратураны тәмамдаған. Ол бұл салаға қызығушылықтың аяқ-асты оянғанын айтады.

Негізі мамандық бойынша жұмыс жасамадым. Осы салаға келуіме әкем себепкер болды. Кішкентай кезімізде әкем фотография саласына қатты қызығып, біздің бала кездегі әр сәтімізді фотоға айналдырып отыратын. Одан соң, әпкем жүкті кезде ньюборн стилінде суретке түсіретін жақсы фотограф іздедім. Түрлі парақшаларды қарап отырып, дәл осы салада мастер класс өтетінін біліп, қызығушылығым оянды, – дейді ол

Алғашқы күндерден тәтті естелік қалдырған
Алғашқы күндерден тәтті естелік қалдырған

Содан алғашқы тәжірибесі оның досының сәбиі болған. Кішкентай бүлдіршіндерді суретке түсіру үлкен жауапкершілікті жүктейтінін айтады.

Әдемі суреттің астында көп сағаттық жұмыс пен үлкем шыдам жатыр. Кішкентай балалармен жұмыс істеу жауапкершілікті жүктейді. Баланың бір жерін ауыртып алмас үшін, алдымен олардың физиологиясын жақсы білу керексің. Және баласы үшін уайымдап тұрған ата-анамен де психологиялық тұрғыдан әңгіме жүргізу керексің. Яғни фотограф қана емес, психологтың да қызметін қоса атқарасың, –  дейді Әсем.

Алғашқы күндерден тәтті естелік қалдырған

Сондай-ақ бүгінгі таңда бұл салаға қызығушылық танытып, табыс көзі ретінде кәсіп етіп отырған фотографтар қаншама. Бірақ, біздің кейіпкер кез келген фотограф бұл салада қызмет ете алмайтынын айтады. 

Алғашқы күндерден тәтті естелік қалдырған

Ньюборн фотограф – баланы қалай ұйықтату керек,іші ауырғанда не істеу керек және қалай тынышталдыру керек секілді тактикаларды арнайы оқиды. Осыншама еңбекті қажет ететін маман сәйкесінше жақсы табыс та табады дейді ол.

Өзім айына 6-8 фотосессия ғана аламын. Олардың бағасы да сәйкесінше ата-ана таңдауына байланысты. Ең кішкентай пакет 60 мың теңгені құраса, Премиум пакет  120 мыңға дейін барады, – деп атап өтті ол.

Алғашқы күндерден тәтті естелік қалдырған

Қазақстанда енді ғана дамып келе жатқан бұл салаға қызығушылық танытып жатқан ата-аналар саны көп. Қазір бұрынғыдай ата-ана қырық күнге дейін баланы суретке түсірмей, ешкімге көрсетпей қоймайды. Барынша балаларының тәтті кезеңін естелікке қалдыруға тырысады. Әдемі суреттердің авторы болашақта үлкен студия ашуды мақсат ететінін айтады.

Алғашқы күндерден тәтті естелік қалдырған

Адам баланы жақсы көрмесе, бұл саламен айналыса алмайды. Сондықтан бұл салаға ерекше махаббатпен қараймын. Нәрестелерді түсіру арқылы өзім ләззат аламын. Болашақта үлкен студия ашып, осы саланы әрі қарай дамытсам деген ойым бар, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы