Еліміздің ең үздік 14 әлеуметтік жобасы таныстырылды

1 Қараша 2019, 16:23
3381
Бөлісу:
Еліміздің ең үздік 14 әлеуметтік жобасы таныстырылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Тәуелсіздік сарайында "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" байқауының жеңімпаздары таныстырылған республикалық көрме өтті. 

IMG_4358.JPG

Финалға шыққан ең үздік 14 жоба иелері өз жұмыстарын көпшілікке паш етті. Бір сағаттан соң интернет арқылы онлайн дауыс берудің нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. 

Әлеуметтік жобалар идеясының авторы, негізін қалаушысы, ҚР президентінің кеңесшісі, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті Тамара Дүйсенова көрмеде іріктеуден өтіп, ақтық кезеңге жеткен 14 жобаның авторларын таныстырды. 

IMG_4400-01.jpeg

Жылда әлеуметтік қызметкерлер күнінде өздеріңізбен кездесу, Сіздердің жаңа жобаларыңызбен танысу, жетістіктеріңізді бөлісу - мен үшін үлкен бақыт. Дәстүрге айналған бұл көрмеге 7 жыл болды. 7 жыл бойы тыңбай еңбек етіп, ілгері қадам басып келеміз. Алғашқы жылы 52 әлеуметтік жоба ұсынылған еді. Сол кезде бұл біз үшін айтарлықтай жетістік болып көрінетін. Енді, міне, жылына 200-ден астам жобалар келіп түседі. Биылғы жылы өңірлік кезеңнен 57 жоба өтті. Ең үздік 14 жоба финалға шығып отыр. Барлық жобалар - жоғары бағаға лайықты. Жеңілгендер жоқ, тек жеңімпаздар бар. Әр жоба авторлары осы беттен таймай идеяларын іске асырса, мемлекетіміздің әлеуметтік  дамуын үдете түседі. Орасан зор үлестеріңізді қосасыздар, - деді көрмені ашқан Тамара Дүйсенова.
IMG_4365-01.jpeg

Ол мұқтаж азаматтарға волонтерлік көмек көрсетуге, мүгедектігі бар адамдарды жаңа дағдыларға үйретуге және мүгедек балалардың ата-аналарына күтім жасауға бағытталған жобаларды да ерекше атап өтті.

IMG_4355-01.jpeg

Алматы облысынан қатысып отыран айрықша жобаның авторы әрі үйлестірушісі - Нұрмұханбет Қуаныш. Ол Қаскелең қаласынан келген. Өзінің 
"Ат үстінде оңалту" жобасын көрмеде таныстырды. Екі жыл бойы 80-ге жуық бала иппотерапия емін қабылдаған. Сал ауруына шалдыққан ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді  емдейді.

Ат үстіндегі серуен, яғни иппотерапия әдісімен адамдарды емдейміз. Атқа мініп емделу. Жылқы жануары минутына  100 шайқау импульсін береді. Бұл - дертке дауа. Қазіргі таңда біздің орталықта 70 бала емделіп жатыр. ДЦП, Даун синдромы және аутизм дертімен ауыратын науқастар ем алады. Rakhym қайырымдылық қорының оңалту орталығы бар. Біз міндетті түрде тегін емдейміз. Осыған дейін 40 бала емделіп шықты. Біз олардың сауығып кетуіне атсалысамыз. Оңалту орталығы Қаскелеңде орналасқан. Онда арнайы сертификатталған білікті мамандар жұмыс істейді, - деді жоба авторы.
IMG_4361-01.jpeg

Айта кетейік, биыл конкурсқа қатысуға 224 өтінім келіп түсті,оның ішінде өңірлік кезең барысында 57 жоба таңдап алынды. Алпыс шақты жобаны қарап шыққан комиссия мүшелері "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" республикалық көрмесінің қатысушыларын анықтады. 

Олардың ішінде Алматы қаласынан 4 жоба, Жамбыл облысынан 2 жоба, Шымкент қаласы, Павлодар, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 1 жоба.

Комиссия құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, бизнесмендер, ҮЕҰ және БАҚ басшылары, сондай-ақ әлеуметтік сала ардагерлері кірді.   

IMG_4376.JPG

Биылғы жылы жобалар "Әлеуметтік проблемаларды шешуді ақпараттық ілгерілету", "Әлеуметтік саладағы волонтерлік қозғалысты дамыту", "Тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету", "Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету" және "Өмірлік қиын жағдайларды жеңуге көмек көрсету" 5 бағыт бойынша бағаланды.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 1 сағаттан соң басталады.

Өзгелердің жаңалығы