Әлеуметтік желіде Премьер-министрдің фейк сұхбаты тарады

27 Қыркүйек 2023, 17:36
704
Бөлісу:
Әлеуметтік желіде Премьер-министрдің фейк сұхбаты тарады
Фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желіде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың суретімен алаяқтық жарнама таратылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бөгде сайтта жарияланған Үкімет басшысының сұхбатында алаяқтар оқырмандарды криптовалютаға қаражат салу үшін белгілі бір платформаны пайдалануға шақырады. Бұл фейк, - деп мәлімдеді stopfake.kz сайты.

Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын растады және қазақстандықтарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілер әкімшілігінен заңсыз контентті бұғаттау туралы өтініш жолдағанын хабарлады.

Жақында әлеуметтік желілерде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаевқа қатысты оқырмандарға табыс табудың жеңіл жолдары ұсынылған осындай фейк тараған болатын.

Өзгелердің жаңалығы