Әлеуметтік желіде министрлік өтемақы төлейтіні жайлы жалған ақпарат тарады

1 Ақпан 2024, 12:54
423
Бөлісу:
Әлеуметтік желіде министрлік өтемақы төлейтіні жайлы жалған ақпарат тарады
Фото: BAQ.KZ -архив

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізгені туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбекминіне сілтеме жасап.

Мессенджерлерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылып жатыр. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрлің алаяқтармен құрбаны болмас үшін сілтемеге өтпеуге кеңес берді.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы