Әлеуметтік жәрдемақылар табыс көзі ретінде қабылданбауы керек – Абаев

9 Желтоқсан 2021, 22:32
1165
Бөлісу:
Әлеуметтік жәрдемақылар табыс көзі ретінде қабылданбауы керек –  Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның айтуынша, әлеуметтік жәрдемақылар табыс көзі ретінде қабылданбауы керек. Бұл - айырылып қалған кірісті уақытша алмастырушы ғана.

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы кезінде атап өткен жаңа құжат – Әлеуметтік кодекс жайына тоқталды.

«Открытый диалог 2.0» бағдарламасының эфирінде Абаев мемлекет әлеуметтік саясатты қалыптастыру және оны іске асыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарастырылатынын еске сала отырып, әлеуметтік жәрдемақының мәнісіне тереңнен бойлады.

Әлеуметтік жәрдемақылар табыс көзі ретінде қабылданбауы керек. Бұл - айырылып қалған кірісті уақытша алмастырушы ғана. Бізде әлеуметтік қолдау жүйесін сынаушылар көп, олар төлемдер мөлшерін ұлғайту керектігін үнемі айтады. Онымен, әрине келісемін, бірақ біз оны көбейте берсек, адамдарда еңбек мотивтері бұрмалана басталуы мүмкін. Жәрдемақылардың өсімі кірістердің өсім қарқынымен қатар жүруі керек, - деді Дәурен Абаев
Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары бұл логика қанша жағымсыз болса да бүгіннің шындығы осы екенін атап өтті. Елдегі кедейшілікке қатысты танымды өзгерту керек. Кедейлік - бұл жаза да емес, таңдау да емес. Бұл - өмірдің қиын тұсы, мүмкіндіктердің жетіспеушілігі, ішкі ресурстардың тапшылығы. Қиын жағдайға тап болған адамға іркіліс керек, қалпына келіп алуы үшін уақыт қажет. Міне, дәл осындай сәтте мемлекет көмекші рөлін атқарады.
Біріншіден. Бұл - бір құжатта барлық нормалардың біріктірілуі және үйлестірілуі. Қазір әлеуметтік қамсыздандыру саласында бір кодекс және 16 заң қолданылады. Еңбек министрлігінің сарапшылары 30-дан астам заңнамалық және 150 заңға тәуелді актілерді қарап, саралады. Неліктен? Себебі мемлекет әлеуметтік қолдауға көп инвестиция салады. Бұл саясат барлығына түсінікті болуы керек. Екіншіден, мемлекеттік аппараттың айналасындағы функционалды бөлімдердің жойылуы. Қазір әрбір жеке акт жеке мемлекеттік органның қарауында. Шартты түрде айтқанда, 16 заңды 16 мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде өзінше түсіндіру құқығына ие. Әлеуметтік қорғаудың барлық нормаларын бір кодекске біріктіру осы нормаларды адамдардың әлеуметтік тәуекелдер бойынша тәжірибесі төңірегінде әзірлеуге көмектеседі. Бұл Президентіміз үнемі айтатын саясатқа дәлме дәл келеді, - деді  Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев

Өзгелердің жаңалығы