Әлеуметтік салаға 8 трлн теңге  бөлінеді. Үкімет 3 жылдық бюджетті мақұлдады

27 Тамыз 2022, 10:29
2027
Бөлісу:
Әлеуметтік салаға 8  трлн теңге  бөлінеді. Үкімет 3 жылдық бюджетті мақұлдады

Үкімет отырысында 3 жылдық бюджет жобасы мақұлданды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Заң жобасын Ұлттық экономика басшысы Әлібек Қуантыров баяндаған еді. Премьер-министр Әлихан Смайылов жоба қолданатынын айтты.

Үш жылдық кезеңге арналған   республикалық бюджет жобасы,   ең алдымен,    мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін   толық   және уақтылы орындауға,   сондай-ақ   ағымдағы жағдайда   экономиканы сапалы   және орнықты дамытуды   қамтамасыз етуге бағытталған.  2023-2025-ші жылдары   жалпы ішкі өнімнің өсімі   4 - 4,1% деңгейінде болады деп   болжанып отыр. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі   2025-ші жылға қарай 3-4%-ке төмендейді деп жоспарланып отыр, - деді ол. 

Смайылов атағандай, республикалық бюджет кірісі   2023-ші жылы  3 трлн теңгеге   немесе биылға қарағанда  27%-ке ұлғаяды.

Осылайша,   республикалық бюджет кірістерінің   жоғары деңгейде өсу қарқынын   қамтамасыз етіп отырмыз.  Ұлттық қордан   республикалық бюджетке бөлінетін трансферттер    едәуір төмендейтін болады. Олар   2023-ші жылы   1,4 трлн теңгеге,     2024-ші жылы   тағы 800 млрд  және 2025-ші жылы   тағы 500 млрд теңгеге  азаятын болады. Бұл –   өте маңызды аспект. Кепілдендірілген трансферт   Ұлттық қорға мұнай секторынан түсетін түсімдердің   көлемінен аспайтын болады.   Ал бюджет шығыстарының өсуі   инфляция межесін ескергенде,   ұзақ мерзімді экономикалық өсудің   орташа деңгейінен аспайды.  Жалпы алғанда,   бюджет жобасы теңгерімді.  Бюджет   әлеуметтік сипатқа ие. Әлеуметтік салаға   2023-ші жылы 8  трлн теңге көзделген, - деді ол. 

Смайыловтың айтуынша, экономиканың нақты секторында   өңдеу өнеркәсібін дамыту,   бизнесті қолдау,   көлік инфрақұрылымын дамыту   және газдандыру басым бағыттар. 

Жалпы   2023-ші жылы   бұл бағыттың шығыстары    2 трлн теңге көлемінде болады. Біздің міндетіміз –   бюджет қаражатын   тиімді  пайдалану. Айтылған тәсілдерді мақұлдап,  заң жобасы мен   Жарлық жобасына дауыс беруді ұсынамын.  Ұлттық экономика   және Қаржы министрліктері  Премьер-Министр Кеңсесімен бірге   заң жобалары мен   Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын   Парламентке енгізуді қамтамасыз етсін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы