Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары мектеп формасымен тегін қамтылады - Аймағамбетов

3 Қыркүйек 2022, 11:50
5211
Бөлісу:
Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары мектеп формасымен тегін қамтылады - Аймағамбетов

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов  «Қолайлы мектеп» ұлттық жобасы қалай іске асатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық жобаның шеңберінде 800 мыңнан астам оқушы орны салынып, үш ауысымды мектептер мен апатты жағдайдағы  мектептердің проблемасын шешеді. «Қолайлы мектеп» жобасы аясында бірыңғай құрылыс және жабдықтау стандарты қолданылады. Жоба шеңберінде ашылатын мектептер заманауи пәндік кабинеттермен толық қамтамасыз етілетін болады. Жаңа мектептерде оқу алаңдары ұлғаяды. Бастауыш сыныптарға, жоғары сынып оқушылырына да жеке блоктар қарастырылады. Сондай-ақ олар бөлек спортзалдармен,  асханаларымен қамтамасыз етіледі, - деді ол Үкімет отырысында.

Аймағамбетовтың сөзіне қарағанда, келесі жылы бұрын болмаған көлемде мектептерді салу басталады.

Мысалы тек ғана Елордамыз бойынша келесі жылы, осы жобаның шеңберінде әрқайсысы 2 мыңға орынға арналған 20 жаңа мектептің  құрылысын бастауды қала әкімдігімен бірге жоспарлап отырмыз. Президенттің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыда тұратын балалар мектеп формасымен тегін қамтылатын болады. Бюджеттен балаларды оқытуға бөлінетін қаражатты қамтитын  білім беру шоты енгізіледі, - деді ведомства басшысы.

Өзгелердің жаңалығы