Әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті баға қойылуы мүмкін - министр

26 Шілде 2022, 11:29
1639
Бөлісу:
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті баға қойылуы мүмкін - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті баға қойылады.

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп мәлім етті.

Оның айтуынша, нарықтық сауда жүйесінің негізгі міндеті - сөрелерде әділ және болжамды бағаны белгілеу.

Жүйенің мақсаты өндірістік өткізу тізбегінің барлық қатысушыларына, яғни тұтынушылардың , трейдерлердің, тасымалдаушылардың және сатушылардың ортақ мүддесін сақтау екені бәріне мәлім. Бұл қағидаттардың бұзылуы тауарлардың физикалық қолжетімсіздігі мен дүрлікпе сұранысқа және бағаның өсуіне алып келеді. Мұндай жағдайда мемлекет араласуға мәжбүр. Мемлекет  реттеуші ретінде әрекет етеді. Осы мақсатта Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар қабылдап, инфляция деңгейін төмендетуге тырысады, - деді Бақыт Сұлтанов. 

Сұлтановтың сөзіне қарағанда, сауда қызметін реттеу туралы заң мұндай жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке шекті бағаны қоюды, сауда үстемелерін белгілеуді және экспортты шектеуді көздейді.

 Фискалды шараларды күшейту тауарлардың физикалық қолжетімді болуын қамту  және егіс кезеңінде тұтыну үшін қажетті тауар көлемін белгілі бір аймақтың форвардтық сатып алуын қамтамасыз етілмек, - деді министр  «Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» туралы өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 

Өзгелердің жаңалығы