Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер шамамен 10%-ға қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz.
2021 жылғы қыркүйектің бірінші аптасында (31 тамыздан 7 қыркүйекке дейін) 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сәл арзандаған – 0,2%, ал жыл басынан бері баға 9,7%-ға көтерілген.
Жыл басынан бері сәбіз бірден 48,5%-ға, пияз 30,2%-ға, күнбағыс майы 29,5%-ға, қырыққабат 25,1%-ға, картоп 22,4%-ға, қарақұмық жармасы 15,7%-ға, тауық еті 15,5%-ға, құмшекер 12,5%-ға қымбаттады, ал жұмыртқа мен күріштің бағасы 5,1%-ға және 8,1%-ға төмендеген.
Биыл тамыздың қорытындысы бойынша азық-түлік тауарлары бір айда 0,1%-ға, бір жылда 11,4%-ға қымбаттаған.
Бір айда баға Түркістан (0,9%), Маңғыстау (0,7%) және Жамбыл (0,6%) облыстарында айтарлықтай көтерілген, ал Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында өткен жылғы деңгейде қалған.
2021 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша жаңа піскен көкөністер бір жылда 30,2%-ға қымбаттаған. Оның ішінде қызылша бағасы бірден 2,2 есе (бір келісі – 295 теңге), сәбіз – 68,2%-ға (бір келісі –205 теңге), картоп – 29,7%-ға (бір келісі – 152 теңге), қырыққабат – 27,1%-ға (бір келісі –111 теңге), пияз – 23,9%-ға (бір келісі – 113 теңге) өскен.
Жаңа піскен жемістердің бағасы бір жылда 1,3%-ға көтерілген. Оның ішінде банан – 7%-ға (1 келісі – 579 теңге), лимон – 6,3%-ға (1 келісі – 1 мың теңге) қымбаттаған. Кептірілген өріктің бағасы (1 келісі – 2,2 мың теңге) өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көтерілген.
Сондай-ақ сүт өнімдері бір жылда 7,6%-ға, ет және ет өнімдері 9,5%-ға қымбаттаған. Сүт өнімдері сегментінде қатты ірімшіктің бағасы 8,4%-ға (1 келісі – 3,4 мың теңге), майлылығы 2,5% болатын сүт – 6,9%-ға (1 литрі – 254 теңге), қаймақ – 6,1%-ға (1 келісі – 1,2 мың теңге), майлылығы 2,5% болатын айран – 4,9%-ға (1 литрі – 283 теңге), сүзбе – 4,6%-ға (1 келісі –1,6 мың теңге) өскен.
Ет өнімдері сегментінде қой еті 16,8%-ға (1 келісі – 2,4 мың теңге), жылқы еті – 11%-ға (1 келісі – 2,5 мың теңге), шошқа еті – 8%-ға (1 келісі – 1,8 мың теңге), сиыр еті – 7,9%-ға (1 келісі – 2,2 мың теңге) қымбаттаған.
Шұжықтардың бағасы бір жылда 7,9%-ға көтерілген. Жартылай ысталған шұжықтың 1 келісі – 2,5 мың теңгеден, пісірілген шұжықтың 1 келісі – 2,1 мың теңгеден сатылып жатыр.
Тауықтың сан етінің 1 келісі – 906 теңге, тауық етінің 1 келісі – 1 мың теңге, бірінші санаттағы жұмыртқа – 355 теңге (10 жұмыртқа).
Нан бағасы бір жылда 5,9%-ға өскен, ұн 11,1%-ға, макарон өнімдері – 11,1%-ға, жарма – 16,6%-ға қымбаттаған.
Жоғары сұрыпты бидай ұнының 1 келісі – 253 теңге, бірінші сұрыпты бидай ұнының 1 келісі – 183 теңге.
Қара бидай нанының 1 келісі – 326 теңге (бір жылда плюс 9,9%), жоғары сұрыпты бидай ұнының 1 келісі – 263 теңге (бір жылда плюс 6,3%), бірінші сұрыпты бидай ұнының 1 келісі – 160 теңгеден (бір жылда плюс 5,2%) сатылған.
Макарон өнімдері: кеспе бір жылда 12,4%-ға (1 келісі – 773 теңге), вермишель – 10,9%-ға (1 келісі – 370 теңге), рожки – 10,7%-ға (1 келісі – 357 теңге) қымбаттаған.
Қарақұмық жармасының бағасы бір жылда 22,2%-ға (1 келісі – 499 теңге), сұлы жармасы – 11,6%-ға (1 келісі – 438 теңге), арпа жармасы – 11%-ға (1 келісі – 246 теңге), ұнтақ жармасы – 9,7%-ға (1 келісі – 322 теңге), тары – 1,5%-ға (бір келісі – 379 теңге) өскен.
Күріш бір жылда 2,5%-ға (1 келісі – 365 теңге) арзандаған.