Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы тұрақты

29 Қаңтар 2021, 22:48
3068
Бөлісу:
Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы тұрақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бергі жағдай бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының индексі 100,8%-ды (ҚР- 101,3%) құрады. Бұл көрсеткіш өңірлер арасында төменгі үштікте.

19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бірқалыпты.

Бүгінгі күні бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін облыстың тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялар жүргізу, сондай-ақ «айналым» схема бойынша бағаны тұрақтандыру механизмі аясында несие (заем) беру арқылы шаралар қабылдануда.

Мемлекет тарапынан азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қорының ресурстары арқылы шаралар қабылданады.

Айналым схемасы бойынша жұмыстар жүргізіліп, 3 кәсіпкерлік субъектілеріне  облыстық бюджеттен 400,0 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі күні облыстың тұрақтандыру қорында 2193,1 тонна өнім сақталып, сатылуда.

Тұрақтандыру қорының өнімдері Қызылорда қаласында орналасқан 29 әлеуметтік дүкен мен 1 әлеуметтік маркеттерде және Қызылорда қаласының 5 ірі супермаркеттерінде («Мирас», «Аль-Асад», «Анвар», «Қызылорда Оптомаркет», «Ажар-Сити») келісім бойынша ашылған әлеуметтік бұрыштарда сатылуда.

Қажетті көлемде жұмыртқамен қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізіп, 23 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін 9,2 млн-нан аса жұмыртқа өңірге жеткізіліп, сауда орындарына таратылды.

Тауық жұмыртқасы әлеуметтік дүкендерде, әлеуметтік бұрыштарда 31 теңгеден, ал қалған дүкендерде категориясына қарай 45-48 теңгеден сатылуда.

Қазіргі таңда, облыста жағдай тұрақты, сауда орындарында азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, азық-түлік өнімдерінің тапшылығы байқалмайды.

Өзгелердің жаңалығы