Әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асырылады?

19 Желтоқсан 2022, 16:40
727
Бөлісу:
Әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асырылады?

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Айтуынша, әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін 45 қызметтің 43-і (95%) электрондық форматта, оның 23-і проактивті түрде көрсетіледі.

2022 жылы қазақстандықтар 13,1 млн қызмет алды. Бұл ретте цифрлық форматта 10,6 млн, оның 1 млн-нан астамы азаматтардың жіберілетін хабарламаларға берген жауаптары негізінде проактивті түрде көрсетілді. Цифрлық форматта көрсетілетін әлеуметтік-еңбек саласы қызметтерінің үлесі 2020 жылдан бастап 20 пайызға өсіп, жалпы 80 пайыздан асты, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сонымен қатар ол келесі жылы бұл көрсеткіш 90 пайызға жететіндігін айтты. 

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін трансформациялау және реинжиниринг бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Бірінші кезеңде проактивті форматта көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді. Осының есебінен өткен жылға қатысты көрсетілетін қызметтер санының өсуі байқалды. Келесі қадам проактивті қызметтер көрсету кезінде жәрдемақыларды автоматты түрде тағайындауға көшу болады, яғни қызмет көрсету процесінде адамдардың қатысуы толығымен жойылады, – деді вице-министр. 

Өзгелердің жаңалығы